Елорда мен Алматы жаңа жылға қалай безендірілді – фото
Елорда мен Алматы жаңа жылға қалай безендірілді – фото
Sputnik Қазақстан
Жаңа жыл жақындаған сайын еліміздің барлық өңірі жарқын кейіпке енеді. Көшелер мен орталық алаңдар, ғимараттар, сауда ойын-сауық орталықтары түрлі түске... 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
Осылайша жаңа жылдың жақындағанынан хабар береді.Биыл елордада қаланың бас шыршасы 19 желтоқсанда жағылды, ал Алматыда бұл шара 20 желтоқсанда өтті.Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Алматы көшелері қатты безендірілмегенімен, биыл қалада жүзден аса фотоаймақ орналастырылды. Сондай-ақ қалада 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен "Жаңа жылдық керуен" ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтіп, түрлі сыйлық таратады.Ал Нұр-Сұлтан қаласында биыл жаңа жылда отшашу ұйымдастырылмайды.Sputnik Қазақстан фототілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелерін аралап, қала мен тұрғындардың жаңа жылға дайындығын суретке түсірді.
Жаңа жыл жақындаған сайын еліміздің барлық өңірі жарқын кейіпке енеді. Көшелер мен орталық алаңдар, ғимараттар, сауда ойын-сауық орталықтары түрлі түске боялады
Осылайша жаңа жылдың жақындағанынан хабар береді.
Биыл елордада қаланың бас шыршасы 19 желтоқсанда жағылды, ал Алматыда бұл шара 20 желтоқсанда өтті.
Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Алматы көшелері қатты безендірілмегенімен, биыл қалада жүзден аса фотоаймақ орналастырылды. Сондай-ақ қалада 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен "Жаңа жылдық керуен" ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтіп, түрлі сыйлық таратады.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында биыл жаңа жылда отшашу ұйымдастырылмайды.
Sputnik Қазақстан фототілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелерін аралап, қала мен тұрғындардың жаңа жылға дайындығын суретке түсірді.
Алматының бас шыршасы әдеттегідей ҚБТУ ғимаратының жанындағы Астана алаңында қойылды. Қаланың бас шыршасын әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров жақты. Шыршаның биіктігі – 20 метр.
Биыл жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан жұмаға түсіп тұр. Бұл – жұмыс күні. 2022 жылдың 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді. Мерекелер сенбі және жексенбіге түсетіндіктен, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.
Алматыда жаңа жылдық бас шыршаның жанында түрлі фотоаймақ бар. Сондай-ақ қалада 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен "Жаңа жылдық керуен" ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтіп, түрлі сыйлық таратады.