Фото

Аяз ата мен Санта-Клаус киімін киген жануарлар – көңіл-күйді көтеретін 15 фото

Жаңа жыл қарсаңында бүкіл әлемде қарбалас басталып, айнала қызыл мен ақ түсті атрибуттарға тола бастайды
Sputnik
Бұл мереке кезінде тек адамдар ғана емес, сондай-ақ үйдегі төрт аяқты сүйкімді жан-жануарлар да сыйлықсыз қалмайды.
Мәселен, Америкада ит пен мысық иелерінің басым бөлігі Рождество мен Жаңа жыл қарсаңында үй жануарына арнайы мерекелік киім сатып алуды дәстүрге айналдырған.
Ал ешқашан қар жаумайтын елдерде жаңа жыл қарсаңында жасанды ақ ұлпа дайындалып, піл немесе басқа да тропикалық жануарға Санта-Клаус шапанын кигізгені тіпті ерекше көрінеді.
Төрт аяқтылардың қызыл шапан киіп, мерекеге сай әсемделген бейнесін суреттер топтамасынан көріңіз.
1 / 15
Британ тұқымды марғау Мәскеуде өткен "КоШарики Шоу" көрмесіне Аяз ата костюмімен қатысты.
2 / 15
Бангкок солтүстігіндегі Аюттахая провинциясында мектеп қабырғасында Рождествоны тойлау кезінде Санта-Клаус киімін киген алып піл балалар алдында өнер көрсетіп жатыр.
3 / 15
Кеудесіне жаңа жылдық свитер, ал басына бұғы мүйізді бас киім киген Кейси есімді төбет ақ ұлпа қар астында ойнап жүр.
4 / 15
Жаңа жылдық костюм киген сүйкімді ит Лимада өткен төбеттерге арналған киімдер байқауына қатысты, Перу.
5 / 15
Прагадан шығысқа қарай 146 километр қашықтықта орналасқан Двур Кралове-над-Лабем хайуанаттар бағында орангутанг баласы Санта шапанын оранып отыр.
6 / 15
Сеулден оңтүстікке қарай орналасқан Йонгиндегі Эверленд ойын-сауық саябағында өткен рождество кешінде Доминджун есімді арыстан күшігі Санта-Клаус бас киімін киген Джангбори есімді жолбарыс күшігіне қарап тұр.
7 / 15
Алты жасар Чика есімді чихуахуа Shaggy Dog Show көрмесіне маскарад костюммен қатысты. Бұл шараны Найробидегі Кения жануарларды қорғау және күту қоғамы ұйымдастырды.
8 / 15
Чап есімді маймыл Санта киімін киіп, Токиодағы Аракава ойын-сауық саябағында көрермен алдында өнер көрсетпек.
9 / 15
Британ тұқымды марғау Мәскеуде өткен "КоШарики Шоу" көрмесіне Ақшақар костюмімен қатысты.
10 / 15
Неміс төбеті Мәскеудегі "Алтын қарғыбау" көрмесінің аясындағы костюмдер байқауына қатысты.
11 / 15
Маниладан солтүстікке қарай орналасқан Малабонада Пакьяо есімді орангутанг пен хайуанаттар бағының иесі Мэнни Тангко жаңа жыл қарсаңында мерекелік киім киіп, құшақтасып отыр.
12 / 15
Ал мынау көрініс дәл кинодағыдай! Сеулден оңтүстікке қарай орналасқан Йонгиндегі ойын-сауық саябағында Санта-Клаус киімін киген пингвиндер топтасып кетіп барады.
13 / 15
Сфинкс тұқымына жататын мысық Мәскеудегі Халықаралық көрмеде Ақшақар костюмін таныстырды.
14 / 15
Нью-Йоркте өткен PetSmart мерекелік топтамасының тұсаукесерінде Санта шапанын киген теңіз шошқасы.
15 / 15
Боливияның Эль-Альто қаласында өткен жаңа жылдық костюмдер байқауында қос төбет осылай бір-біріне қолдау көрсетіп тұр.