Бұл мереке кезінде тек адамдар ғана емес, сондай-ақ үйдегі төрт аяқты сүйкімді жан-жануарлар да сыйлықсыз қалмайды.Мәселен, Америкада ит пен мысық иелерінің басым бөлігі Рождество мен Жаңа жыл қарсаңында үй жануарына арнайы мерекелік киім сатып алуды дәстүрге айналдырған.Ал ешқашан қар жаумайтын елдерде жаңа жыл қарсаңында жасанды ақ ұлпа дайындалып, піл немесе басқа да тропикалық жануарға Санта-Клаус шапанын кигізгені тіпті ерекше көрінеді.Төрт аяқтылардың қызыл шапан киіп, мерекеге сай әсемделген бейнесін суреттер топтамасынан көріңіз.
Жаңа жыл қарсаңында бүкіл әлемде қарбалас басталып, айнала қызыл мен ақ түсті атрибуттарға тола бастайды
Бұл мереке кезінде тек адамдар ғана емес, сондай-ақ үйдегі төрт аяқты сүйкімді жан-жануарлар да сыйлықсыз қалмайды.
Мәселен, Америкада ит пен мысық иелерінің басым бөлігі Рождество мен Жаңа жыл қарсаңында үй жануарына арнайы мерекелік киім сатып алуды дәстүрге айналдырған.
Ал ешқашан қар жаумайтын елдерде жаңа жыл қарсаңында жасанды ақ ұлпа дайындалып, піл немесе басқа да тропикалық жануарға Санта-Клаус шапанын кигізгені тіпті ерекше көрінеді.
Төрт аяқтылардың қызыл шапан киіп, мерекеге сай әсемделген бейнесін суреттер топтамасынан көріңіз.
Бангкок солтүстігіндегі Аюттахая провинциясында мектеп қабырғасында Рождествоны тойлау кезінде Санта-Клаус киімін киген алып піл балалар алдында өнер көрсетіп жатыр.
Сеулден оңтүстікке қарай орналасқан Йонгиндегі Эверленд ойын-сауық саябағында өткен рождество кешінде Доминджун есімді арыстан күшігі Санта-Клаус бас киімін киген Джангбори есімді жолбарыс күшігіне қарап тұр.
Алты жасар Чика есімді чихуахуа Shaggy Dog Show көрмесіне маскарад костюммен қатысты. Бұл шараны Найробидегі Кения жануарларды қорғау және күту қоғамы ұйымдастырды.
Маниладан солтүстікке қарай орналасқан Малабонада Пакьяо есімді орангутанг пен хайуанаттар бағының иесі Мэнни Тангко жаңа жыл қарсаңында мерекелік киім киіп, құшақтасып отыр.
Ал мынау көрініс дәл кинодағыдай! Сеулден оңтүстікке қарай орналасқан Йонгиндегі ойын-сауық саябағында Санта-Клаус киімін киген пингвиндер топтасып кетіп барады.