Владимир Путин Достастық мемлекеттерінің көшбасшыларын Ресейдің Солтүстік астанасына шақырды. Ол осы бейресми кездесудің бастамашысы болды. Кеше, 27 желтоқсанда Санкт-Петербургке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барған болатын.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытуды талқылайды. Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективалары сөз болады.
Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр.
Кездесу барысын видеодан көре аласыз.