Видео

ТМД елдері президенттерінің бейресми кездесуі қалай өтіп жатыр – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Санкт-Петербургте Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері көшбасшыларының дәстүрлі бейресми кездесуі офлайн форматта өтуде
Владимир Путин Достастық мемлекеттерінің көшбасшыларын Ресейдің Солтүстік астанасына шақырды. Ол осы бейресми кездесудің бастамашысы болды. Кеше, 27 желтоқсанда Санкт-Петербургке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барған болатын.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытуды талқылайды. Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективалары сөз болады.
Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр.
Кездесу барысын видеодан көре аласыз.
Жаңалықтар
0