Оқиға

Алматыда екі автобус соқтығысты – 20 адам зардап шекті

Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматының Медеу ауданында Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.
Апаттан кейінгі көрініс
Алдын ала мәлімет бойынша, екі автобуста 20-ға жуық адам зардап шеккен.
Тәтібеков пен Серпер көшесінің қиылыcындағы жол апаты
№4 маршруттың жүргізушісі қақтығыс болған кезде өзінің №203 автобусқа қарай жүгіріп барғанын айтты. Ол жерде автобус есігі ашылмай қалған.
Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті.
1 / 3
Столкновение пассажирских автобусов
2 / 3
Столкновение пассажирских автобусов
3 / 3
Столкновение пассажирских автобусов
Қазір оқиға орнында барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтау үшін полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.