Оқиға

Алматыда екі автобус соқтығысты – 20 адам зардап шекті

© Sputnik / СтрингерСтолкновение пассажирских автобусов
Столкновение пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті
АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматының Медеу ауданында Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.
Апат куәгерлері мен №4 автобус жүргізушісінің айтуынша, №4 автобус аялдамада тұрған. Сол уақытта №203 автобус жылдамдықпен жүрген. Серпер көшесінен өткен соң жүргізуші аялдамада тұрған автобусты айналып өтпек болған, алайда сол жақтан көлік қозғалған. №203 бағдар жүргізушісі автокөлікпен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұрған, артынша №4 автобусты соқты.
© Sputnik / СтрингерАпаттан кейінгі көрініс
Столкновение пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Апаттан кейінгі көрініс
Алдын ала мәлімет бойынша, екі автобуста 20-ға жуық адам зардап шеккен.
© Sputnik / СтрингерТәтібеков пен Серпер көшесінің қиылыcындағы жол апаты
Столкновение пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Тәтібеков пен Серпер көшесінің қиылыcындағы жол апаты
№4 маршруттың жүргізушісі қақтығыс болған кезде өзінің №203 автобусқа қарай жүгіріп барғанын айтты. Ол жерде автобус есігі ашылмай қалған.
Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті.
© Sputnik / СтрингерСтолкновение пассажирских автобусов
Столкновение пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан
1/3
Столкновение пассажирских автобусов
© Sputnik / СтрингерСтолкновение пассажирских автобусов
Столкновение пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан
2/3
Столкновение пассажирских автобусов
© Sputnik / СтрингерСтолкновение пассажирских автобусов
Столкновение пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан
3/3
Столкновение пассажирских автобусов
1/3
Столкновение пассажирских автобусов
2/3
Столкновение пассажирских автобусов
3/3
Столкновение пассажирских автобусов
Қазір оқиға орнында барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтау үшін полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0