Өңірлер

Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунікті үйқамаққа жіберу туралы шешім шыққан, алайда шешім өзгеріп, Хаменова тергеу изоляторына қамалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.
Мұндай бұлтартпау шарасын Атырау облысының соты 22 желтоқсанда санкциялады. Енді Хаменова екі ай тергеу изоляторында отыруы керек.
Бақытгүл Хаменованы тұтқындау туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш білдірді.
Айта кетері, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("қомақты мөлшерде пара алу") бойынша тергеліп жатыр.
Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Бақытгүл Хаменова туралы не білеміз

Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.
Астана әуежайы 2017 жылдың маусымында Назарбаевтың құрметіне өзгертілді.
Оқи отырыңыз: