https://sputnik.kz/20211223/Khamenova-qamauga-alyndy-18962669.html
Бақытгүл Хаменова қамауға алынды
Бақытгүл Хаменова қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунікті үйқамаққа жіберу туралы шешім шыққан, алайда шешім өзгеріп, Хаменова тергеу изоляторына... 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T08:52+0500
2021-12-23T08:52+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
хаменова
қамауға алынды
https://sputnik.kz/img/171/58/1715823_0:24:1100:646_1920x0_80_0_0_c82495d6474d688f78b408d112007e9a.jpg
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.Мұндай бұлтартпау шарасын Атырау облысының соты 22 желтоқсанда санкциялады. Енді Хаменова екі ай тергеу изоляторында отыруы керек.Бақытгүл Хаменованы тұтқындау туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш білдірді.Айта кетері, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("қомақты мөлшерде пара алу") бойынша тергеліп жатыр.Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.Бақытгүл Хаменова туралы не білемізБақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.Астана әуежайы 2017 жылдың маусымында Назарбаевтың құрметіне өзгертілді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/58/1715823_0:0:1100:691_1920x0_80_0_0_67891c420289c0125ac1714735f57369.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хаменова, қамауға алынды
Бақытгүл Хаменова қамауға алынды
08:52 23.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунікті үйқамаққа жіберу туралы шешім шыққан, алайда шешім өзгеріп, Хаменова тергеу изоляторына қамалды
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.
Мұндай бұлтартпау шарасын Атырау облысының соты 22 желтоқсанда санкциялады. Енді Хаменова екі ай тергеу изоляторында отыруы керек.
Бақытгүл Хаменованы тұтқындау туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш білдірді.
Айта кетері, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("қомақты мөлшерде пара алу") бойынша тергеліп жатыр.
Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Бақытгүл Хаменова туралы не білеміз
Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.
Астана әуежайы 2017 жылдың маусымында Назарбаевтың құрметіне өзгертілді.