2021 жыл ғаламшар үшін аласапыран сипатта өтті: жалғасын тапқан пандемия, вирустың жаңа штамдарының пайда болуы, Ауғанстанда биліктің ауысуы, Гаити президентінің өлтірілуі, Еуропадағы миграция дағдарысы.
Көпшіліктің назарын аударған және әлемді дүр сілкіндірген оқиғалар көп болды.
2021 жылы әлем саясатындағы өте танымал тұлғаның бірі Ангела Меркель Германия канцлері қызметінен кетті, Иранда жаңа президент сайланды, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 99 жастағы жары – герцог Эдинбургтен айырылып, жесір қалды, Глазгода климат жөнінде БҰҰ конференциясы өтті...
Осы және басқа да маңызды оқиғалар туралы Sputnik дайындаған материалдан оқи аласыз.
1 / 18
6 қаңтарда бұрынғы президент Дональд Трамптың жақтастары митингке шыққан кездегі Капитолий ғимаратының жанындағы жарылыс. Бұрынғы мемлекет басшысы президент сайлауында жеңілгеннен кейін оның жақтастары наразылық акциясын өткізіп, оның соңы жаппай тәртіпсіздікке, полициямен қақтығысқа және Капитолий ғимаратын басып алуға ұласты.
© REUTERS / Leah Millis
2 / 18
Ант қабылдау шарасына қатысар алдында жаңа сайланған АҚШ президенті Джозеф Байден жұбайы Джилл Байденмен бірге.
© Sputnik / Stringer
/ 3 / 18
Кәнден ит құшақтаған әйел герцог Филипп Эдинбургский портретінің жанында отыр. Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның жары герцог Эдинбургский 99 жасқа қараған шақта 9 сәуірде Виндзорде көз жұмды.
© AP Photo / Alastair Grant
4 / 18
Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш 17 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында 2014 жылы Врбетицадағы оқ-дәрілердің жарылуына қатысы бар деген сылтаумен 18 ресейлік дипломаттың елден шығарылатынын хабарлады.
© AFP 2024 / Michal Cizek
5 / 18
23 мамырда Минск халықаралық әуежайында Ryanair әуе компаниясының FR4978 рейс багаждарын кинолог итпен тексеріп жүр. Литваға ұшып бара жатқан ұшақ бомба туралы хабарға байланысты шұғыл қонғаннан кейін оның бортында оппозициялық журналист Роман Протасевич ұсталды.
© AFP 2024 / ONLINER.BY
6 / 18
Корнуоллдағы (Англия) саммитке қатысуға келген G7 көшбасшылары, 11 маусым. Саммитте мемлекет басшылары пандемия, климат, сыртқы саясат және экономика мәселелерін талқылады.
© AP Photo / Phil Noble / Pool
7 / 18
РФ президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден 2021 жылдың 16 маусымында Женевадағы "Ла Гранж" вилласында кездесу өткізді.
© Sputnik / Mikhail Metzel
/ 8 / 18
Әйел адам 18 маусымда президент сайлауында жеңіске жеткен Иранның жаңа көшбасшысы Ибрахим Раисидің портретін ұстап тұр.
© AFP 2024 / Atta Kenare
9 / 18
7 шілдеде қастандықпен өлтірілген Гаити президенті Жовенель Моиз бейнеленген мурал. Полиция кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен президенттің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі мен бірнеше қызметкерді қамауға алды.
© AFP 2024 / Valerie Baeriswyl
10 / 18
Янгондағы әскери төңкеріске қарсылық білдіру акциясы, Мьянма, 14 шілде.
© AFP 2024 / STR
11 / 18
Ауған елінде билік ауысқаннан кейін ұлын арқалаған ер адам Ауғанстан-Пәкістан шекарасындағы "Чаман" бақылау-өткізу пунктінде тұр. Тамыздың ортасында АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін "Талибан" (террористік қызметі үшін БҰҰ санкциясы енгізілген) ислам қозғалысы елдегі билікті тартып алды.
© AFP 2024
12 / 18
5 қыркүйекте Гвинеяда әскери төңкеріс және ел президенті Альфа Кондені қамауға алғаннан кейін адамдар көшеде әскерилерге қошемет көрсетіп жатыр.
© AFP 2024 / Cellou Binani
13 / 18
Жапонияның басқарушы либералды-демократиялық партиясының көшбасшысы Фумио Кисида 4 қазанда елдің жаңа премьер-министрі болып сайланды.
© AFP 2024 / Kazuhiro Nogi
14 / 18
26 қазанда Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер елдің бұрынғы канцлері Ангела Меркельмен қоштасып тұр.
© AP Photo / Markus Schreiber
15 / 18
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 30 қазанда Римде өткен Үлкен жиырмалық (G20) саммитінде суретке түсу рәсіміне кешігіп келді. Бұл әлемде коронавирус пандемиясы жайлағаннан кейін мемлекет басшыларының алғаш рет бетпе-бет кездесуі болды.
© AP Photo / Kirsty Wigglesworth
16 / 18
Беларусь-Польша шекарасындағы заңсыз мигранттарға арналған лагерь. Сегізінші қарашада Беларусьтегі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың мыңнан астам босқыны жаппай Польша шекарасына қарай жылжыды. Польша билігі мұны "күш қолдану арқылы жаппай шекарадан өту әрекеті" деп бағалап, шекара қауіпсіздігін күшейтті.
© Sputnik / Viktor Tolochko
/ 17 / 18
Канаданың Сыртқы істер министрі Мелани Джой Латвиядағы "Адажи" әскери базасында канадалық әскери қызметкерлермен кездесті, 29 қараша.
© AFP 2024 / Gints Ivuskans
18 / 18
Экологтар Глазгода өткен климат жөніндегі конференция кезінде терең теңізде балық аулауға қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды, Шотландия, 4 қараша.
© AFP 2024 / Andy Buchanan