НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Полиция қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған Семей тұрғынын ұстады.
Семей тұрғынының қалтасынан оқ-дәрі табылды.
© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық полиция депаратаменті
Семей қаласының 42 жастағы тұрғынының күртешесінің ішкі қалтасынан 25 патрон салынған пластик қорап табылып, тәркіленді.
"Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген 23 патрон ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілер, Макаров тапаншасына
арналған 9х18 мм калибрлі бір патрон және АК-47 автоматынан атуға арналған 7,62 х 54 мм калибрлі патрон екені анықталды", - делінген ШҚО полиция депратаментінің хабарламасында.
арналған 9х18 мм калибрлі бір патрон және АК-47 автоматынан атуға арналған 7,62 х 54 мм калибрлі патрон екені анықталды", - делінген ШҚО полиция депратаментінің хабарламасында.
Сараптама қортындысы тәркіленген патрондар оқ атуға жарамды екенін көрсетті.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі "Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың
санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.