АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада банкоматтан ірі көлемдегі қаражат ұрлады деген күдікпен инкассатор ұсталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның қылмысқа қызметінен босатылғаннан кейін барғаны анықталды.
Ер адам 27 жаста, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"Күдікті инкассатор болып жұмыс істеген және терминалға ақша жеткізген. Жұмыстан шыққан кезде банкоматтың бірінің кілтін тапсырмаған. Кешкі уақытта ол супермаркетке келіп, терминалды кілтпен ашып, 3 800 000 теңге көлемінде ақша алған", - деп хабарлады полиция.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.