Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ресейдің төрт қаласына рейстер қайта ашылды

Әуе рейсі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, кестеге сәйкес орындалады
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. "Уральские авиалинии" әуе компаниясы 2021 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Рейстер А320 әуе кемесімен бірнеше бағыт бойынша орындалады:
Әуе рейсі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Айта кетері, рейстерді жаңарту Қазақстанның ведомствоаралық комиссиясы мен Рсейдің коронавирусты таратпау жөніндегі жедел штабы шешіміне сәйкес жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары келіссөз жүргізді