Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ресейдің төрт қаласына рейстер қайта ашылды

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото
Пассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Әуе рейсі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, кестеге сәйкес орындалады
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. "Уральские авиалинии" әуе компаниясы 2021 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Рейстер А320 әуе кемесімен бірнеше бағыт бойынша орындалады:
  • Нұр-Сұлтан – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);
  • Нұр-Сұлтан – Красноярск, аптасына 1 рейс (бейсенбі);
  • Нұр-Сұлтан – Жуковский, аптасына 3 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі);
  • Алматы – Санкт-Петербург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);
  • Алматы – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (жұма).
Әуе рейсі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Айта кетері, рейстерді жаңарту Қазақстанның ведомствоаралық комиссиясы мен Рсейдің коронавирусты таратпау жөніндегі жедел штабы шешіміне сәйкес жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары келіссөз жүргізді 
Жаңалықтар
0