НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қаңғыбас ит аулаға кіріп, кішкентай қызды талап өлтірген. Бұл туралы марқұмның туған-туыстары айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан yk-news.kz порталына сілтеме жасап.
"Трагедия Лесхоз кентінде болды. Кішкентай қыз аулада ойнап жүрген. Сол кезде қаңғыбас ит шарбақтан өтіп, қызға тап берген. Аулада үйдің иті де болды. Бірақ осы оқиғадан кейін ол ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Қыздың ата-анасы есеңгіреп қалды, әлі де өз-өзіне келе алмай жатыр...", - дейді марқұмның тәтесі.
Лесхоз тұрғындарының сөзіне қарағанда, бүгін трагедия болған ауданға қаңғыбас иттерді ұстайтын мамандар келген.
Айта кетері, 17 желтоқсанда әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады. Аудан тұрғындарының айтуынша, қаңғыбас иттер көп жүреді. Себебі жақын жерде тұрмыстық қалдықтарға арналған алаң бар. Қаңғыбас иттер балаларды жиі талайды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.