https://sputnik.kz/20211219/bala-itter-talap-tuystary-18923937.html
Жеті жасар баланы иттер талап өлтірді: қыздың туыстары оқиғаның қалай болғанын айтты
Жеті жасар баланы иттер талап өлтірді: қыздың туыстары оқиғаның қалай болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр 19.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-19T15:00+0500
2021-12-19T15:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
ит
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768019_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c9b87dc48d8e97a3e81bfb65567cf08d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қаңғыбас ит аулаға кіріп, кішкентай қызды талап өлтірген. Бұл туралы марқұмның туған-туыстары айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан yk-news.kz порталына сілтеме жасап.Лесхоз тұрғындарының сөзіне қарағанда, бүгін трагедия болған ауданға қаңғыбас иттерді ұстайтын мамандар келген.Айта кетері, 17 желтоқсанда әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады. Аудан тұрғындарының айтуынша, қаңғыбас иттер көп жүреді. Себебі жақын жерде тұрмыстық қалдықтарға арналған алаң бар. Қаңғыбас иттер балаларды жиі талайды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768019_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_75a3681dbe3bd0531ea18d217fc66c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит
Жеті жасар баланы иттер талап өлтірді: қыздың туыстары оқиғаның қалай болғанын айтты
15:00 19.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазіргі кезде полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қаңғыбас ит аулаға кіріп, кішкентай қызды талап өлтірген. Бұл туралы марқұмның туған-туыстары айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
yk-news.kz порталына сілтеме жасап.
"Трагедия Лесхоз кентінде болды. Кішкентай қыз аулада ойнап жүрген. Сол кезде қаңғыбас ит шарбақтан өтіп, қызға тап берген. Аулада үйдің иті де болды. Бірақ осы оқиғадан кейін ол ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Қыздың ата-анасы есеңгіреп қалды, әлі де өз-өзіне келе алмай жатыр...", - дейді марқұмның тәтесі.
Лесхоз тұрғындарының сөзіне қарағанда, бүгін трагедия болған ауданға қаңғыбас иттерді ұстайтын мамандар келген.
Айта кетері, 17 желтоқсанда әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады. Аудан тұрғындарының айтуынша, қаңғыбас иттер көп жүреді. Себебі жақын жерде тұрмыстық қалдықтарға арналған алаң бар. Қаңғыбас иттер балаларды жиі талайды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.