Спорт

Пенальти тебу кезінде қызық жағдай болды: футболшы алаңнан қуылды – видео

"Динамоның" 27 жастағы шабуылшысы Бруно Петкович үзіліс кезінде Комнен Андричтің орнына алаңға шықты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Хорватия чемпионаты аясындағы "Истра 1961" футбол командасы мен Загребтің "Динамосы" арасындағы ойында қызық оқиға болды. Матч соңында қонақтардың шабуылшысы Бруно Петкович қате соғылған пенальти үшін алаңнан қуылды, деп хабарлады Championat.com.
Айта кетейік, Петковичтен бөлек "Динамо" қорғаушысы Кевин Теофиль-Катерин мен "Истраның" қақпашысы Иван Лучич ойыннан шықты. Кездесу 0:2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч кезінде жылап жіберді – видео