Спорт

Жомарт Тоқаев "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч кезінде жылап жіберді – видео

футзал
футзал - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
"Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчында қызық жағдай болды.

"Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалдық кездесуде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz.

"Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алды, ызаға булыққан жас футболшы жылап жіберді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Нәтижесінде "Атырау" "Ақтөбеден" 4:6 есебімен жеңілді. "Ақтөбеден" Эленилсон, Ақжол Тыныштықбаев, Асхат Құлбаев, Аршат Сәтжан, Витао (2) гол соқса, "Атырау" сапында Болат Сарбасов (2), Эрик Данило және Эвертон көзге түсті.

Осылайша топтамадағы есеп 2-1 нәтижесімен "Ақтөбенің" пайдасына шешілді. Топтамадағы ойындар командалардың біреуі үш рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0