Бұл туралы жобаны ұйымдастырушылар – Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы ("Үлкен Алтай" АлтайМУ ҒБО) хабарлады.
"Жоба идеясы сонау 2012 жылы Алтай мемлекеттік университетінде халықаралық Азия зерттеулері орталығы ашылып, оқу орны Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірген кезде пайда болды. Сол уақыттан бері түркітану, алтайтану тақырыптары біз үшін басымдыққа ие болды. 2019 жылы университетте "Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен көптүрлілік" жобасы іске қосылды. Түркі әлемінің мәдени-өркениетті негіздерді зерттеу тақырыптары бойынша Орталық Азия елдері ғалымдарының интеграциясы осы жобаның мақсаты болды. Осылайша оқу орнында "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы ("Үлкен Алтай" ҒБО) құрылды", - деді жоба жетекшісі, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюков.
"Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюков пен "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығы халықаралық сарапшылар кеңесінің төрағасы Анатолий Деревянко.
© Photo : пресс-служба АлтГУ
Жоба бойынша 2021 жылғы жұмыс қорытындысын баяндаған Алтай мемлекеттік университеті жанындағы "Үлкен Алтай" БҒО халықаралық сарапшылық кеңесінің төрағасы, академик Анатолий Деревянко биыл кең ауқымда жаңа қатысушылар тартылғанын атап өтті.
"2021 жылы тағы 31 ғылыми-білім беру мекемесі және 22 университет пен ғылыми институт жобаға қосылды. Қазіргі уақытта Үлкен Алтай елдерінің ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері болып саналатын 72 ғалым жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы – жас ғылыми қызметкерлер саны артып келеді", - деді ол.
"Үлкен Алтай: Ресей-Қырғызстан, 2021" этнографиялық экспедициясы осы жылдың маңызды оқиғасына айналды. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің (Баласағұн атындағы ҚҰУ) ректоры Қанат Садықовтың айтуынша, Қырғызстан аумағында мұндай сипаттағы халықаралық экспедиция 50 жылға жуық уақыттан бері болмаған.
"Ғалымдар тобы заманауи көшпенділердің тұрмысы мен материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін зерттеп, дәстүрлі элементтер – тұрғын үй, мал шаруашылығы, қолөнер және тағы басқаларына мән берді. Жалпы, экспедиция материалдары дәстүрлі мәдени құндылықтардың тұрақтылығы мен трансформация процестерін айшықтай түсті. Салыстырмалы материал үшін Алтай көшпенділері тіршілік ететін аумақта осындай этнографиялық экспедицияларды жалғастыру өте қызықты болып отыр", - деп атап өтті ол.
Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Қанат Садықов
© Photo : КНУ имени Ж. Баласагына
Экспедиция қорытындысы бойынша дөңгелек үстел және фотокөрме өтті. Қазір қырғыз және ресейлік ғалымдар "Қырғыз-Алтай этногенетикалық және этномәдени байланысы" атты монография дайындап жатыр.
Сондай-ақ жоба аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Алтай мемлекеттік университетімен бірлесіп, "Ұлы Алтай – түркілердің атақонысы" виртуалды музейін жасақтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Бұл ресурста түркі өркениетінің материалдық және көркем мәдениетіне жататын ең маңызды жетістіктері мен ескерткіштері қамтылады. 3 қарашада Алтай мемлекеттік университетінің өкілдерімен өткен кездесуде 3D форматындағы археологиялық экспонаттардың жайы талқыланды. Әрбір келуші виртуалды музейдің сайтынан Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай музейлеріндегі түркілердің мәдениеті туралы барлық материалды тамашалай алады", - деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры Мұхтар Төлеген.
Биыл жоба аясында М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің (ӨзҰУ) журналистика факультеті өкілдерімен белсенді өзара әрекеттестікке қол жетті. Алтай мемлекеттік университеті "Үлкен Алтай" ҒБО Өзбекстан Ұлттық университетімен бірлесіп, 2022 жылы "Үлкен Алтай медиа кеңістігінің әлеуметтік қауіпсіздігі" бағыты бойынша магистратура бағдарламасын іске қосуға дайындалып жатыр.
Өзбекстан Ұлттық университетінің журналистика факультетітінің студенттері
© Photo : Национальный университет Узбекистана им. М. Улугбека
"ХХІ жүз жылдықта әрбір халық қауіпсіздік пен тығыз мәдениетаралық байланыс арқылы ғана өзінің өрлеуін қамтамасыз ете алатындықтан, болашақ журналистердің өз арғы тегі жайлы білуі маңызды. Журналистердің білімпаздығы, жоғары кәсібилігі мен толеранттылығы көп жағдайда мәдениетаралық коммуникация процесінің мәні және сапасын анықтайды. Бұл бағытта мамандарды даярлау бүкіл Үлкен Алтайдың тұрақтылығы мен тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болып отыр", - деді Өзбекстан Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Махлие Мирсоатова.
"Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен көптүрлілік" жобасын 2019 жылдан бері РФ ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Алтай мемлекеттік университеті жүзеге асырып келеді.