Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: жарақат алған әйел көз жұмды

Ауыр жарақат алған әйел 2 айдан кейін ауруханада есін жимастан қайтыс болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда екі ай бұрын металл конструкцияның құлауы салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмады.
Әйелдің ашық бассүйек-ми жарақатын алғаны, миы ауыр дәрежеде жараланғаны анықталды. Сондай-ақ денесінде түрлі жарақаттар болған.  
"Миға кезең-кезеңімен операциялар жасалды, өкінішке қарай, оң нәтиже бермеді. Осы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимастан қайтыс болды. Реанимациялық шаралар жасалғанына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қазанда болды. Қатты желдің салдарынан Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын үй кешенінің шатырынан металл конструкция құлады. Салдарынан бір әйел зардап шекті – ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.  
Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергеуді бастады.
Оқи отырыңыз: "Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео