https://sputnik.kz/20211217/Nur-Sultan-kumbez-ayel-18916052.html
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: жарақат алған әйел көз жұмды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: жарақат алған әйел көз жұмды
Ауыр жарақат алған әйел 2 айдан кейін ауруханада есін жимастан қайтыс болды 17.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-17T11:14+0600
2021-12-17T11:14+0600
2022-02-01T14:05+0600
елорда тынысы
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e5/01/15/16094784_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_6e6a20672dfd757fadb13273c192df7e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда екі ай бұрын металл конструкцияның құлауы салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмады.Әйелдің ашық бассүйек-ми жарақатын алғаны, миы ауыр дәрежеде жараланғаны анықталды. Сондай-ақ денесінде түрлі жарақаттар болған. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қазанда болды. Қатты желдің салдарынан Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын үй кешенінің шатырынан металл конструкция құлады. Салдарынан бір әйел зардап шекті – ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергеуді бастады.Оқи отырыңыз: "Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/15/16094784_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_23cca7160181ac717894769802a05daa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: жарақат алған әйел көз жұмды
11:14 17.12.2021 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) Ауыр жарақат алған әйел 2 айдан кейін ауруханада есін жимастан қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда екі ай бұрын металл конструкцияның құлауы салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмады.
Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел 22 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Онда науқасты шұғыл түрде арнайы мамандар қарап, одан кейін жансақтау бөліміне ауыстырылған.
Әйелдің ашық бассүйек-ми жарақатын алғаны, миы ауыр дәрежеде жараланғаны анықталды. Сондай-ақ денесінде түрлі жарақаттар болған.
"Миға кезең-кезеңімен операциялар жасалды, өкінішке қарай, оң нәтиже бермеді. Осы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимастан қайтыс болды. Реанимациялық шаралар жасалғанына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қазанда болды. Қатты желдің салдарынан Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын үй кешенінің шатырынан
металл конструкция құлады. Салдарынан бір әйел зардап шекті – ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.
Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергеуді бастады.