Әлем

Омикрон-штамм "дельтадан" 70 есе жылдам көбейеді

Коронавирустың "омикрон" штамы дельта мен SARS-CoV-2 вирусына қарағанда адамның бронхтарында 70 есе тез көбейіп, жұғады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан — Sputnik. Гонконг университетінің LKS медициналық факультетінің (HKUMed) ғалымдарының зерттеуі бойынша, коронавирустың "омикрон" штамы дельта мен SARS-CoV-2 вирусына қарағанда адамның бронхтарында 70 есе тез көбейеді.
"Бұл ақпарат "омикронның" бұған дейінгі штамдарға қарағанда, адамнан адамға неге тез жұғатынын түсіндіреді", - деп жазады РИА Новостиге HKUMed мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Зерттеу көрсеткендей," омикрон" жұқтырған кезде өкпеде инфекция SARS-CoV-2 вирусына қарағанда едәуір төмен.

Омикрон ерекшелігі

Қарашада ғалымдар Оңтүстік Африка Республикасында және Ботсванада коронавирустың B.1.1.529 штамы шыққанын хабарлады. Ол S-ақуызына түскенде 32 мутациясы пайда болып, ағзада тарап кетеді.
Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вируспен ауырып шыққандар мен екпе алғандардың антиденелерін айналып өтуі де мүмкін. Әзірше зерттеулердің нақты нәтижесі шыққан жоқ.
Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.
Соңғы мәліметке сәйкес, жаңа штамм 60 елде анықталды.

Министр не деді

Бұған дейін үкімет отырысында денсаулық министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа "омикрон" штамының пайда болу қаупін ескеріп, Алматы қаласында осы штамға тән мутацияның бар-жоғына ПТР-скрининг жүргізілгенін айтты. Оның нәтижесі бойынша "омикрон" штамы анықталған жоқ.
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Африкада анықталған "омикрон" Қазақстанда, атап айтқанда Алматыда да пайда болады деген болжамын бөлісті. Бұл тек уақыт мәселесі, деді ол.