https://sputnik.kz/20211216/omikron-shtamm-delta-18911450.html
Омикрон-штамм "дельтадан" 70 есе жылдам көбейеді
Омикрон-штамм "дельтадан" 70 есе жылдам көбейеді
Sputnik Қазақстан
Коронавирустың "омикрон" штамы дельта мен SARS-CoV-2 вирусына қарағанда адамның бронхтарында 70 есе тез көбейіп, жұғады 16.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-16T08:16+0500
2021-12-16T08:16+0500
2023-08-10T12:11+0500
әлем
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16320728_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_500c82fbecb2cd6cdba985ef452a4ec9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан — Sputnik. Гонконг университетінің LKS медициналық факультетінің (HKUMed) ғалымдарының зерттеуі бойынша, коронавирустың "омикрон" штамы дельта мен SARS-CoV-2 вирусына қарағанда адамның бронхтарында 70 есе тез көбейеді."Бұл ақпарат "омикронның" бұған дейінгі штамдарға қарағанда, адамнан адамға неге тез жұғатынын түсіндіреді", - деп жазады РИА Новостиге HKUMed мәлімдемесіне сілтеме жасап.Зерттеу көрсеткендей," омикрон" жұқтырған кезде өкпеде инфекция SARS-CoV-2 вирусына қарағанда едәуір төмен.Омикрон ерекшелігіҚарашада ғалымдар Оңтүстік Африка Республикасында және Ботсванада коронавирустың B.1.1.529 штамы шыққанын хабарлады. Ол S-ақуызына түскенде 32 мутациясы пайда болып, ағзада тарап кетеді.Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вируспен ауырып шыққандар мен екпе алғандардың антиденелерін айналып өтуі де мүмкін. Әзірше зерттеулердің нақты нәтижесі шыққан жоқ.Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.Соңғы мәліметке сәйкес, жаңа штамм 60 елде анықталды.Министр не дедіБұған дейін үкімет отырысында денсаулық министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа "омикрон" штамының пайда болу қаупін ескеріп, Алматы қаласында осы штамға тән мутацияның бар-жоғына ПТР-скрининг жүргізілгенін айтты. Оның нәтижесі бойынша "омикрон" штамы анықталған жоқ.Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Африкада анықталған "омикрон" Қазақстанда, атап айтқанда Алматыда да пайда болады деген болжамын бөлісті. Бұл тек уақыт мәселесі, деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16320728_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0f1bdecce9e4b9f9b1db76feec88b900.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Омикрон-штамм "дельтадан" 70 есе жылдам көбейеді
08:16 16.12.2021 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) Коронавирустың "омикрон" штамы дельта мен SARS-CoV-2 вирусына қарағанда адамның бронхтарында 70 есе тез көбейіп, жұғады
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан — Sputnik. Гонконг университетінің LKS медициналық факультетінің (HKUMed) ғалымдарының зерттеуі бойынша, коронавирустың "омикрон" штамы дельта мен SARS-CoV-2 вирусына қарағанда адамның бронхтарында 70 есе тез көбейеді.
"Бұл ақпарат "омикронның" бұған дейінгі штамдарға қарағанда, адамнан адамға неге тез жұғатынын түсіндіреді", - деп жазады
РИА Новостиге HKUMed мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Зерттеу көрсеткендей," омикрон" жұқтырған кезде өкпеде инфекция SARS-CoV-2 вирусына қарағанда едәуір төмен.
Қарашада ғалымдар Оңтүстік Африка Республикасында және Ботсванада коронавирустың B.1.1.529 штамы шыққанын хабарлады. Ол S-ақуызына түскенде 32 мутациясы пайда болып, ағзада тарап кетеді.
Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вируспен ауырып шыққандар мен екпе алғандардың антиденелерін айналып өтуі де мүмкін. Әзірше зерттеулердің нақты нәтижесі шыққан жоқ.
Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.
Соңғы мәліметке сәйкес, жаңа штамм 60 елде анықталды.
Бұған дейін үкімет отырысында денсаулық министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа "омикрон" штамының пайда болу қаупін ескеріп, Алматы қаласында осы штамға тән мутацияның бар-жоғына ПТР-скрининг жүргізілгенін айтты. Оның нәтижесі бойынша "омикрон" штамы анықталған жоқ.
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Африкада анықталған "омикрон" Қазақстанда, атап айтқанда Алматыда да пайда болады деген болжамын бөлісті. Бұл тек уақыт мәселесі, деді ол.