Өңірлер

Түркістан облысында жол бойындағы дәретханалар 1 жылға жетпей қирады

Шенеуніктер бұған нақты қанша қаражат жұмсалғанын да айта алмады. Енді олар дәретхананың сақталуына жауап беруі қажет адамдарды табуға уәде берді
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында көшедегі дәретханалар талан-таражға салынып, пайдалануға жарамай қалды. Жергілікті тұрғындар олар адам бармайтын иен далаға орнатылғандықтан, қандай жағдайда екенін ешкім бақыламайтынын айтады.
"Дәретханаларды орнатты, бірақ оған бару мүмкін емес. Былтыр қайта есіктері бар еді, қазір ол да жоқ. Ешкім қандай жағдайда тұрғанын бақыламайды, билікке де, адамдарға да керек емес. Мұны салық төлеушілердің қаражатына орнатты ғой. Біз жолда тоқтап, дәретханаға барамыз. Ішіне кіру мүмкін емес", - дейді көлік жүргізушісі Әлібек Құралов.
Тонаушылар дәретхананың есігін, сантехника мен құбырларды сындырып, ұрлап кеткен. Соған байланысты жергілікті тұрғындар билік ақшаны далаға шашты деп санайды.
Ал шенеуніктер көше бойындағы дәретханалар ең алдымен азаматтарға жайлы болу үшін орнатылғанын айтты. Сол себепті олар адам көп жүрмейтін жерлерге орнатылған, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Жол бойына дәретхана орнатылған соң оларға ауыл әкімдігі бақылау жүргізеді деп жоспарланған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады, оның себебі де белгісіз.
Шенеуніктер бұған нақты қанша қаражат жұмсалғанын да айта алмады. Енді олар дәретхананың сақталуына жауап беруі қажет адамдарды табуға уәде берді.
"Қараусыз қалған дәретханалар бойынша ауыл әкімдіктеріне хат жолданды, қазір оларды "Қазавтожол" балансына беру бойынша жұмыс істеудеміз. Құжаттар дайындалып жатыр", - деді Келес ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Бақытжан Шырынбек.