https://sputnik.kz/20211215/turkistan-oblysy-daretkhana-video-18900036.html
Түркістан облысында жол бойындағы дәретханалар 1 жылға жетпей қирады
Түркістан облысында жол бойындағы дәретханалар 1 жылға жетпей қирады
Sputnik Қазақстан
Шенеуніктер бұған нақты қанша қаражат жұмсалғанын да айта алмады. Енді олар дәретхананың сақталуына жауап беруі қажет адамдарды табуға уәде берді 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T09:10+0500
2021-12-15T09:10+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
түркістан облысы
дәретхана
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0d/14940028_0:323:3067:2048_1920x0_80_0_0_f4f709db4afe3635842d10e02bcaf068.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында көшедегі дәретханалар талан-таражға салынып, пайдалануға жарамай қалды. Жергілікті тұрғындар олар адам бармайтын иен далаға орнатылғандықтан, қандай жағдайда екенін ешкім бақыламайтынын айтады."Дәретханаларды орнатты, бірақ оған бару мүмкін емес. Былтыр қайта есіктері бар еді, қазір ол да жоқ. Ешкім қандай жағдайда тұрғанын бақыламайды, билікке де, адамдарға да керек емес. Мұны салық төлеушілердің қаражатына орнатты ғой. Біз жолда тоқтап, дәретханаға барамыз. Ішіне кіру мүмкін емес", - дейді көлік жүргізушісі Әлібек Құралов.Тонаушылар дәретхананың есігін, сантехника мен құбырларды сындырып, ұрлап кеткен. Соған байланысты жергілікті тұрғындар билік ақшаны далаға шашты деп санайды.Ал шенеуніктер көше бойындағы дәретханалар ең алдымен азаматтарға жайлы болу үшін орнатылғанын айтты. Сол себепті олар адам көп жүрмейтін жерлерге орнатылған, деп хабарлады КТК телеарнасы.Жол бойына дәретхана орнатылған соң оларға ауыл әкімдігі бақылау жүргізеді деп жоспарланған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады, оның себебі де белгісіз.Шенеуніктер бұған нақты қанша қаражат жұмсалғанын да айта алмады. Енді олар дәретхананың сақталуына жауап беруі қажет адамдарды табуға уәде берді."Қараусыз қалған дәретханалар бойынша ауыл әкімдіктеріне хат жолданды, қазір оларды "Қазавтожол" балансына беру бойынша жұмыс істеудеміз. Құжаттар дайындалып жатыр", - деді Келес ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Бақытжан Шырынбек.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0d/14940028_42:0:2773:2048_1920x0_80_0_0_e04959e74428c2ed0c79e824fbe7d5e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, дәретхана
түркістан облысы, дәретхана
Түркістан облысында жол бойындағы дәретханалар 1 жылға жетпей қирады
09:10 15.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Шенеуніктер бұған нақты қанша қаражат жұмсалғанын да айта алмады. Енді олар дәретхананың сақталуына жауап беруі қажет адамдарды табуға уәде берді
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында көшедегі дәретханалар талан-таражға салынып, пайдалануға жарамай қалды. Жергілікті тұрғындар олар адам бармайтын иен далаға орнатылғандықтан, қандай жағдайда екенін ешкім бақыламайтынын айтады.
"Дәретханаларды орнатты, бірақ оған бару мүмкін емес. Былтыр қайта есіктері бар еді, қазір ол да жоқ. Ешкім қандай жағдайда тұрғанын бақыламайды, билікке де, адамдарға да керек емес. Мұны салық төлеушілердің қаражатына орнатты ғой. Біз жолда тоқтап, дәретханаға барамыз. Ішіне кіру мүмкін емес", - дейді көлік жүргізушісі Әлібек Құралов.
Тонаушылар дәретхананың есігін, сантехника мен құбырларды сындырып, ұрлап кеткен. Соған байланысты жергілікті тұрғындар билік ақшаны далаға шашты деп санайды.
Ал шенеуніктер көше бойындағы дәретханалар ең алдымен азаматтарға жайлы болу үшін орнатылғанын айтты. Сол себепті олар адам көп жүрмейтін жерлерге орнатылған, деп хабарлады
КТК телеарнасы.
Жол бойына дәретхана орнатылған соң оларға ауыл әкімдігі бақылау жүргізеді деп жоспарланған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады, оның себебі де белгісіз.
Шенеуніктер бұған нақты қанша қаражат жұмсалғанын да айта алмады. Енді олар дәретхананың сақталуына жауап беруі қажет адамдарды табуға уәде берді.
"Қараусыз қалған дәретханалар бойынша ауыл әкімдіктеріне хат жолданды, қазір оларды "Қазавтожол" балансына беру бойынша жұмыс істеудеміз. Құжаттар дайындалып жатыр", - деді Келес ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Бақытжан Шырынбек.