НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Шри-Ланкада салмағы 310 килограмм тартатын жақұт көпшілік назарына ұсынылды. Жергілікті билік бұл табиғи минералдан пайда болған әлемдегі ең үлкен көгілдір жақұт екенін айтты, деп хабарлады Reuters.
Оған "Азия патшайымы" деген атау берілді және ол карьер иесінің үйінде көрермен назарына ұсынылды. Экспонатты ашу алдында бір топ будда монахы бағалы тасқа бата берді.
Тас шамамен үш айдай бұрын бағалы тасқа бай Ратпанура ауданында табылды. Бұл өңір бағалы тастардың астанасы ретінде танымал. Шри-Ланка жақұт пен басқа да бағалы тастардың басты экспорттаушысы саналады.
Өткен жылы мемлекетке бағалы тастар, бриллиант және басқа да зергерлік бұйымдарды экспорттау арқылы жарты миллиард долларға жуық кіріс кірген, деп мәлімдеді бағалы тастар мен зергерлік бұйымдар өндірісімен айналысатын жергілікті орган.
Оқи отырыңыз: