https://sputnik.kz/20211215/Shri-Lanka-zhaqut-video-18901180.html
Шри-Ланкада 310 келі тартатын жақұт табылды – видео
Шри-Ланкада 310 келі тартатын жақұт табылды – видео
Sputnik Қазақстан
Жергілікті билік бұл әлемдегі ең үлкен көгілдір жақұт екенін айтты 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T11:29+0500
2021-12-15T11:29+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0f/18900303_0:0:1358:768_1920x0_80_0_0_68fb34b85d50a7c2c8e48a0d9b3d8351.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Шри-Ланкада салмағы 310 килограмм тартатын жақұт көпшілік назарына ұсынылды. Жергілікті билік бұл табиғи минералдан пайда болған әлемдегі ең үлкен көгілдір жақұт екенін айтты, деп хабарлады Reuters.Оған "Азия патшайымы" деген атау берілді және ол карьер иесінің үйінде көрермен назарына ұсынылды. Экспонатты ашу алдында бір топ будда монахы бағалы тасқа бата берді.Тас шамамен үш айдай бұрын бағалы тасқа бай Ратпанура ауданында табылды. Бұл өңір бағалы тастардың астанасы ретінде танымал. Шри-Ланка жақұт пен басқа да бағалы тастардың басты экспорттаушысы саналады.Өткен жылы мемлекетке бағалы тастар, бриллиант және басқа да зергерлік бұйымдарды экспорттау арқылы жарты миллиард долларға жуық кіріс кірген, деп мәлімдеді бағалы тастар мен зергерлік бұйымдар өндірісімен айналысатын жергілікті орган.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0f/18900303_0:0:1222:768_1920x0_80_0_0_aed60e1ac98a44ca275881a91aa01287.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Шри-Ланкада 310 келі тартатын жақұт табылды – видео
11:29 15.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жергілікті билік бұл әлемдегі ең үлкен көгілдір жақұт екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Шри-Ланкада салмағы 310 килограмм тартатын жақұт көпшілік назарына ұсынылды. Жергілікті билік бұл табиғи минералдан пайда болған әлемдегі ең үлкен көгілдір жақұт екенін айтты, деп хабарлады Reuters.
Жақұтты зерттеген жергілікті геммологтар бұл әлемдегі ең сирек кездесетін бағалы тастың бірі екенін мәлімдеді. Халықаралық ұйымдар бұл жақұтқа әлі сертификат берген жоқ.
Оған "Азия патшайымы" деген атау берілді және ол карьер иесінің үйінде көрермен назарына ұсынылды. Экспонатты ашу алдында бір топ будда монахы бағалы тасқа бата берді.
Тас шамамен үш айдай бұрын бағалы тасқа бай Ратпанура ауданында табылды. Бұл өңір бағалы тастардың астанасы ретінде танымал. Шри-Ланка жақұт пен басқа да бағалы тастардың басты экспорттаушысы саналады.
Өткен жылы мемлекетке бағалы тастар, бриллиант және басқа да зергерлік бұйымдарды экспорттау арқылы жарты миллиард долларға жуық кіріс кірген, деп мәлімдеді бағалы тастар мен зергерлік бұйымдар өндірісімен айналысатын жергілікті орган.