Жабайы табиғат пен онда тіршілік ететіндердің бұл суреттері қоршаған ортаның биотүрлілігін кезекті рет паш етті.
Биыл бұл байқауға әлемнің 40 елінен 2 мың фотограф 18 мыңға жуық сурет жолдады. Фотографтар арасындағы байқау COVID-19 пандемиясына байланысты виртуалды форматта өтті. Бірақ осыған қарамастан авторлардың ең теңдессіз туындылары іріктеліп, үздіктері марапатталды.
Қазылар алқасы атап өткендей, үздікті анықтау оңай болған жоқ. Себебі тамаша суреттер тым көп болды.
Фотографтар "Жануарлар бейнесі", "Табиғаттың шығармашылық келбеті", "Жас фотограф", "Түр сақтау проблемасы", "Жабайы пейзаж және тіршілік ортасындағы жануарлар", "Жануарлардың іс-қимылы" сынды дәстүрлі категория бойынша сынға түсті.
15 жастағы Анага Мохан ең жас әрі дарынды фотограф атағына ие болды.
Суреттер топтамасынан байқауға қатысқан басқа да фотографтардың үздік туындыларын тамашалай аласыздар.