НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда несие ала алмаған тұрғын, банкте шу шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қаржы ұйымының қызметкері қоңырау шалып, тәртіп сақшыларынан шұғыл келуді өтінді.
"Ер адам келіп, жанжал шығарып, бізге жұмыс істеуге кедергі келтірді, бөлмеден кету туралы өтінішімізге құлақ салмайды", – деді қоңырау шалушы.
Оқиға орнына келген полицейлер істің барлық мән-жайын анықтады. Қала тұрғыны қымбат телефон сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, оған несие беруді талап еткен. Бірақ қаржы ұйымының жұмыскерлері өтініштен бас тартты, себебі бұл клиент несие алу шарттарына сәйкес келмеді – ол жұмыс істемейді және басқа қарыздарды өтемеген.
Содан кейін ер адам қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіре бастады, айқайлап, басқа келушілерді қорқытты. Тек полиция қызметкерлерін көргенде, ол тынышталып, кетуге асықты.
Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Материал сотқа жіберілді.