https://sputnik.kz/20211211/Kredit-pavlodarlyk-bank-18878701.html
Кредитке қол жеткізе алмаған павлодарлық банктегілерді әбігерге салды
Кредитке қол жеткізе алмаған павлодарлық банктегілерді әбігерге салды
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғыны қымбат телефон сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, оған несие беруді талап еткен 11.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-11T10:32+0500
2021-12-11T10:32+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
павлодар
банк
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18658684_0:157:3081:1890_1920x0_80_0_0_4af43f4fc3ce7f6b22947ae388c2e824.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда несие ала алмаған тұрғын, банкте шу шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияға қаржы ұйымының қызметкері қоңырау шалып, тәртіп сақшыларынан шұғыл келуді өтінді."Ер адам келіп, жанжал шығарып, бізге жұмыс істеуге кедергі келтірді, бөлмеден кету туралы өтінішімізге құлақ салмайды", – деді қоңырау шалушы.Оқиға орнына келген полицейлер істің барлық мән-жайын анықтады. Қала тұрғыны қымбат телефон сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, оған несие беруді талап еткен. Бірақ қаржы ұйымының жұмыскерлері өтініштен бас тартты, себебі бұл клиент несие алу шарттарына сәйкес келмеді – ол жұмыс істемейді және басқа қарыздарды өтемеген.Содан кейін ер адам қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіре бастады, айқайлап, басқа келушілерді қорқытты. Тек полиция қызметкерлерін көргенде, ол тынышталып, кетуге асықты.Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Материал сотқа жіберілді.Оқи отырыңыз:
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18658684_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_aa888919b61ad833e2f06078747aa9b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, банк, кредит
Кредитке қол жеткізе алмаған павлодарлық банктегілерді әбігерге салды
10:32 11.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала тұрғыны қымбат телефон сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, оған несие беруді талап еткен
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда несие ала алмаған тұрғын, банкте шу шығарды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Полицияға қаржы ұйымының қызметкері қоңырау шалып, тәртіп сақшыларынан шұғыл келуді өтінді.
"Ер адам келіп, жанжал шығарып, бізге жұмыс істеуге кедергі келтірді, бөлмеден кету туралы өтінішімізге құлақ салмайды", – деді қоңырау шалушы.
Оқиға орнына келген полицейлер істің барлық мән-жайын анықтады. Қала тұрғыны қымбат телефон сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, оған несие беруді талап еткен. Бірақ қаржы ұйымының жұмыскерлері өтініштен бас тартты, себебі бұл клиент несие алу шарттарына сәйкес келмеді – ол жұмыс істемейді және басқа қарыздарды өтемеген.
Содан кейін ер адам қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіре бастады, айқайлап, басқа келушілерді қорқытты. Тек полиция қызметкерлерін көргенде, ол тынышталып, кетуге асықты.
Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Материал сотқа жіберілді.