НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Түнде Алматының "Ақбұлақ" тұрғын үй кешенінде өрт шығып, 177 тұрғын эвакуацияланды.
10 желтоқсанда 23.58-де Алматының төтенше жағдайлар қызметі Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде орналасқан үйде шыққан өртті сөндіруге аттанды.
Сағат 00.08-де өрт орнына келген құтқарушылар 18 қабатты тұрғын үйдің екі блогының шахтасында кабельдердің жанып жатқанын көрген. Эвакуациялау жолдарын қатты түтін басқан. Салдарынан үй тұрғындарынаң өміріне қауіп төнді. Ең алдымен тұрғындарды сыртқа шығару жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар дауыс үдеткіш арқылы тұрғындарға подъездге өздігімен шықпауға кеңес берілді.
Құтқару операция кезінде үйден 177 тұрғын эвакуацияланды. Оның алтауы балалар. 25 адам құтқарылды.
Өрт 01.45-те сөндірілді. Өртті сөндіру мен эвакуациялау жұмыстарына 85 қызметкер мен 23 техника жұмылдырылды.