Оқиға

Алматыда 18 қабатты тұрғын үйде өрт шықты – видео

© Sputnik / СтрингерПожар в ЖК "Алтын булак"
Пожар в ЖК Алтын булак - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Жазылу
Эвакуациялау жолдарын қатты түтін басқан. Салдарынан үй тұрғындарынаң өміріне қауіп төнді
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Түнде Алматының "Ақбұлақ" тұрғын үй кешенінде өрт шығып, 177 тұрғын эвакуацияланды.
10 желтоқсанда 23.58-де Алматының төтенше жағдайлар қызметі Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде орналасқан үйде шыққан өртті сөндіруге аттанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сағат 00.08-де өрт орнына келген құтқарушылар 18 қабатты тұрғын үйдің екі блогының шахтасында кабельдердің жанып жатқанын көрген. Эвакуациялау жолдарын қатты түтін басқан. Салдарынан үй тұрғындарынаң өміріне қауіп төнді. Ең алдымен тұрғындарды сыртқа шығару жұмыстары жүргізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сонымен қатар дауыс үдеткіш арқылы тұрғындарға подъездге өздігімен шықпауға кеңес берілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Құтқару операция кезінде үйден 177 тұрғын эвакуацияланды. Оның алтауы балалар. 25 адам құтқарылды.
Өрт 01.45-те сөндірілді. Өртті сөндіру мен эвакуациялау жұмыстарына 85 қызметкер мен 23 техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0