НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 11 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктер болжамынша, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Алматы облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 20-25, екпіні 29 м/с және одан асады деп болжанған.
Түнде солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, түнде облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.