https://sputnik.kz/20211210/kar-burkasyn-sinoptikter-18878094.html
Қар, бұрқасын: синоптиктер 11 желтоқсандағы ауа райын болжады
Қар, бұрқасын: синоптиктер 11 желтоқсандағы ауа райын болжады
Sputnik Қазақстан
Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады 10.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-10T20:57+0500
2021-12-10T20:57+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
қар
боран
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18842644_0:159:3079:1890_1920x0_80_0_0_57d835cf3b8a1b1b64f79ab276af5789.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 11 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады. Синоптиктер болжамынша, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Алматы облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 20-25, екпіні 29 м/с және одан асады деп болжанған.Түнде солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, түнде облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18842644_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_5f91cd5fa7cab2e87b940a9e6bc526f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қар, боран, ауа райы
Қар, бұрқасын: синоптиктер 11 желтоқсандағы ауа райын болжады
20:57 10.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 11 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктер болжамынша, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Алматы облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 20-25, екпіні 29 м/с және одан асады деп болжанған.
Түнде солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, түнде облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.