АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды.
Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.
Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
Халық санағы – 2021
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде халық санағы үшінші рет өткізілді. 1 қыркүйекте басталған биылғы санақтың ерекшелігі – шарада алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылады.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-і өткенін, жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылғанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесінде шығады жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жарияланады.