Өңірлер

Алматыда санитар ажал аузында жатқан науқастың банк картасынан ақша алған – видео

Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 23 жастағы ер адам ұсталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны Наталья Савельева 71 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатқан кезде медицина қызметкерлері оның телефонын және банк картасын пайдаланғанын мәлімдеді. Зейнеткер қайтыс болған күні картадан соңғы рет төлем жасалған, деп хабарлады 31 арна. 
"22 қарашадан бастап картамен тұрақты түрде төлем жасалып тұрған. Соңғы рет анам қайтыс болған күні – 30 қарашада пайдаланған", - дейді Савельева.
Наталья полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінің санитары ұсталды. Ер адам картаны тауып алғанын айтты. Кейінірек иесінің жансақтау бөлімінде жатқанын білген. Алайда Наталья Савельева санитардың қылмысты жалғыз өзі жасағанына сенбей отыр.
Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. 23 жастағы ер адам ұсталды. Банк картасы тәркіленді. Ал денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат беруден бас тартты.
Оқи отырыңыз: