https://sputnik.kz/20211208/Almaty-aurukhana-video-18861893.html
Алматыда санитар ажал аузында жатқан науқастың банк картасынан ақша алған – видео
Алматыда санитар ажал аузында жатқан науқастың банк картасынан ақша алған – видео
Sputnik Қазақстан
Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 23 жастағы ер адам ұсталды 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T19:03+0500
2021-12-08T19:03+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
оқиға
алматы
видео
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/14/15523444_0:118:3091:1866_1920x0_80_0_0_72350666c3021c0d2edf63915321371e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны Наталья Савельева 71 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатқан кезде медицина қызметкерлері оның телефонын және банк картасын пайдаланғанын мәлімдеді. Зейнеткер қайтыс болған күні картадан соңғы рет төлем жасалған, деп хабарлады 31 арна. Наталья полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінің санитары ұсталды. Ер адам картаны тауып алғанын айтты. Кейінірек иесінің жансақтау бөлімінде жатқанын білген. Алайда Наталья Савельева санитардың қылмысты жалғыз өзі жасағанына сенбей отыр.Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. 23 жастағы ер адам ұсталды. Банк картасы тәркіленді. Ал денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат беруден бас тартты.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/14/15523444_0:21:3091:1963_1920x0_80_0_0_c506e5c969ed795c1d4e5fa2c9311713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда санитар ажал аузында жатқан науқастың банк картасынан ақша алған – видео
19:03 08.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 23 жастағы ер адам ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны Наталья Савельева 71 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатқан кезде медицина қызметкерлері оның телефонын және банк картасын пайдаланғанын мәлімдеді. Зейнеткер қайтыс болған күні картадан соңғы рет төлем жасалған, деп хабарлады
31 арна. Наталья Савельева қайтыс болған анасының жеке заттарын алуға келгенде арасында банк картасы болмай шыққан. Ал ұялы телефоны бұғатталып тұрыпты. Оның айтуынша, анасы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып жатқанда белгісіз біреу оның банк картасымен есеп айырысып жүрген. 8 күннің ішінде 100 мың теңгеге жуық ақшаны жұмсап тастапты. Ұялы телефоны арқылы әлеуметтік желідегі парақшасына да кірген.
"22 қарашадан бастап картамен тұрақты түрде төлем жасалып тұрған. Соңғы рет анам қайтыс болған күні – 30 қарашада пайдаланған", - дейді Савельева.
Наталья полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінің санитары ұсталды. Ер адам картаны тауып алғанын айтты. Кейінірек иесінің жансақтау бөлімінде жатқанын білген. Алайда Наталья Савельева санитардың қылмысты жалғыз өзі жасағанына сенбей отыр.
Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. 23 жастағы ер адам ұсталды. Банк картасы тәркіленді. Ал денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат беруден бас тартты.