Қоғам

Әкімдік қателеспеген: көпбалалы ана 122 теңге атаулы әлеуметтік көмек алды

Келіншек түбіртекті көріп, техникалық қате шығар деп ойлаған. Алайда әкімдіктегілер әлеуметтік көмек дұрыс есептелгенін айтып шығарып салған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда тұратын көпбалалы ана Дариға Қазанғапова 122 теңге атаулы әлеуметтік көмек алған. Әкімдік болса, ақша дұрыс есептелгенін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды 31 арна.
Алайда кейін келіншек тағы да атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген. Желтоқсан айында әйелдің шотына 122 теңге жәрдемақы түскен. Түбіртекті көрген келіншек шалқасынан құлай жаздағанын айтады. Техникалық қателік деп ойлаған ол бірден әлеуметтік қорғау бөліміне барған. Ондағылар аталмыш соманың дұрыс берілгенін айтып шығарып салған.
"Одан да бермей-ақ қойғаны дұрыс еді. 122 теңгемен бізді мазақ қылғанша, сізге отказ келді деп айтса болатын еді. Енді мына 122 теңгеге бала-шағама не нан, не памперс әпере алмаймын. Үкіметтің нағыз мазағы ма, не енді бұл", - деп ашуланды көпбалалы ана Дариға Қазанғапова.
Ал әкімдік сома дұрыс есептелгенін растап отыр. Бұл отбасына мемлекеттен әртүрлі көмек берілгендіктен, база 120 теңгені автоматты түрде есептеп берген.
Оқи отырыңыз: Жаңа жылдан бастап 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі
"Әйелдің жолдасы еңбекпен қамту бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Сондықтан оның жалақысы мен балаларға берілетін жөргекақысы бар. Сондай-ақ, бұл отбасы екі әлеуметтік жолақы картасын қолданады. Осы себептерге байланысты 120 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әр отбасының мүшесіне 20 теңгеден берілді", - деді Қарағанды қаласы әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Лариса Харитонова.
Айта кетері, биыл атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінді. Көмек 974 мың адамға тағайындалды.