Саясат

Тоқаев пен Мирзиёев елордада келіссөздер жүргізеді – фото

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда келіссөздер жүргізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Келіссөздер барысында саяси диологты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, мәдени-гуманитарлық алыс-берісті кеңейту мәселелері қаралады деп күтілуде.
Мирзиёев Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен келді
Сонымен қатар екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат мәселелері бойынша пікір алмасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланған.
Өзбекстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді.
Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда қонақты құрметті қарауыл сапқа тұрып қарсы алды. Мирзиёевті президент Тоқаев әуежайдан күтіп алды.

Оқи отырыңыз: