НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды.
Алматы қаласында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты.
Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Осыдан бір ай бұрын ол Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын.
Жекпе-жек оңай болмады. Оның қарсыласы да есе жібермеуге барынша тырысты. Алайда Ерзат Сақабанов қарсыласының жауырынын жерге тигізді.
Айта кетері, ол Өскемен қаласының №9 өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет етеді.