Спорт

Жәнібек Әлімханұлы экс-чемпионды нокаутқа түсірді – тартысты жекпе-жек видеосы

© AFP 2024 / Yong Teck LimЖәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Қазақстандық боксшының жарқын жеңісі WBO Global титулын қорғап қалуға мүмкіндік берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңді.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы бокс кешінде өтті. Қос спортшының айқасы он раундқа есептелген.

Үшінші раундта қазақстандық бірнеше соққыдан кейін экс-чемпионды нокдаунға түсірді. Бірақ Хассан Н'Дам жекпе-жекті жалғастырды. Осыдан кейін Әлімханұлы қарсыласын соққының астына алды. Сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз жеңіске жетті.

Бірде бір рет жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал 38 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Н'Дам бұл жолы алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады.

Осылайша Әлімханұлы өзінің WBO Global белдігін қорғап қалды. Сондай-ақ ол WBC Continental титулына ие.

Еске салсақ, бокс кешінің басты оқиғасы америкалықтар Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер 31-3-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жек болады.

Оқи отырыңыз: 

Головкин карьерасындағы басты жекпе-жек кіммен өтетінін айтты

Қазақ боксшысының нокауты Халықаралық бокс қауымдастығын таңдандырды – видео

Жаңалықтар
0