НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында "Нұр-Сұлтан - Щучинск" тас жолында пиротехника тиелген көліктің жүк тиегіші өртенді.
Оқиға Бурабай ауданында "Нұр-Сұлтан - Щучинск" 212 шақырымында 4 желтоқсанда кешкі сағат 21.26-да болды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
"DAF" маркалы жүк көлігінің тиегішінде пиротехникалық заттар болған. Өртің жалпы аумағы 30 шаршы метр. Жүк тиегіш түгел өртеніп кетті. Көлікке зақым келген жоқ. Өрт кешкі сағат 22.05-те толықтай сөндіріліп, көлік қозғалысы ашылды.