Оқиға

Күтпеген отшашу: Бурабайда пиротехника тиелген көліктен өрт шықты – видео

© Sputnik / Ксения ВоронинаФейерверк на открытии ЭКСПО-2017 в Астане
Фейерверк на открытии ЭКСПО-2017 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2021
Жазылу
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ
 НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында "Нұр-Сұлтан - Щучинск" тас жолында пиротехника тиелген көліктің жүк тиегіші өртенді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДЧС Акмолинской области (@aqmola_tjd)

Оқиға Бурабай ауданында "Нұр-Сұлтан - Щучинск" 212 шақырымында 4 желтоқсанда кешкі сағат 21.26-да болды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДЧС Акмолинской области (@aqmola_tjd)

"DAF" маркалы жүк көлігінің тиегішінде пиротехникалық заттар болған. Өртің жалпы аумағы 30 шаршы метр. Жүк тиегіш түгел өртеніп кетті. Көлікке зақым келген жоқ. Өрт кешкі сағат 22.05-те толықтай сөндіріліп, көлік қозғалысы ашылды.

Оқи отырыңыз: 

Алматыда автобус үстінде отшашу ұйымдастырғандар ұсталды – видео
Қытайда пиротехника зауытында жарылыс болды
 
Жаңалықтар
0