НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға ниеттілер тізімін жасақтай бастады.
Аталған вакцинаны тегін алушылар санатына жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтар үш емханаға жүгініп тізімге тұра алады.
Басқарманың хабарлауынша, Pfizer (Comirnaty) екпесін ақылы алуға ниет білдірушілердің тізімі жүргізілуде. Бағасы әлі белгісіз.