Денсаулық

Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде ақылы түрде алуға болады

© AFP 2024 / THEO ROUBYВолонтер готовит шприцы с вакциной от коронавируса
Волонтер готовит шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2021
Жазылу
Басқарманың хабарлауынша, Pfizer (Comirnaty) екпесін ақылы алуға ниет білдірушілердің тізімі жасақталуда
НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға ниеттілер тізімін жасақтай бастады.
Аталған вакцинаны тегін алушылар санатына жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтар үш емханаға жүгініп тізімге тұра алады.
  • №5 Қалалық емхана – 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141.
  • №7 Қалалық емхана – 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 14.
  • №5 Қалалық клиникалық аурухана – 8 (727) 264 72 64 немесе 8 701 719 10 38 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қ. Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220.
Басқарманың хабарлауынша, Pfizer (Comirnaty) екпесін ақылы алуға ниет білдірушілердің тізімі жүргізілуде. Бағасы әлі белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Ғалым қандай вакциналарды бір уақытта алуға болатынын түсіндірді
Вакцина салғызғандар баса мән беруге тиіс симптомдар аталды
Жаңалықтар
0