Өңірлер

"Қазпошта" қызметкерлері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Ұрланған қаражаттың жеті миллион теңгеден астамы зейнеткерлерге төленуі тиіс болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Қазпоштаның" екі қызметкері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің екі қызметкері ЖШС өкілі кәсіпорынның шотына аудару үшін тапсырған ақшаның бір бөлігін иемденіп алған. Келтірілген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асты.
Сонымен қатар әйелдер сенімге қиянат жасап, зейнеткерлердің жеті миллион теңгеден астам ақшасын иемденді деген күдікке ілінді, деп жазды "Мой город".
Әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: