https://sputnik.kz/20211204/qazposhta-qyzmetker-40-million-18824378.html
"Қазпошта" қызметкерлері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
"Қазпошта" қызметкерлері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Ұрланған қаражаттың жеті миллион теңгеден астамы зейнеткерлерге төленуі тиіс болған 04.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-04T10:38+0500
2021-12-04T10:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
қазпошта
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704033_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_c78dbe1eeaafa62f3e56848221760260.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Қазпоштаның" екі қызметкері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің екі қызметкері ЖШС өкілі кәсіпорынның шотына аудару үшін тапсырған ақшаның бір бөлігін иемденіп алған. Келтірілген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асты.Сонымен қатар әйелдер сенімге қиянат жасап, зейнеткерлердің жеті миллион теңгеден астам ақшасын иемденді деген күдікке ілінді, деп жазды "Мой город".Әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704033_613:0:2864:1688_1920x0_80_0_0_0d93bfbcca11849433c14f0725cdc913.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазпошта, ұрлық
"Қазпошта" қызметкерлері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
10:38 04.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ұрланған қаражаттың жеті миллион теңгеден астамы зейнеткерлерге төленуі тиіс болған
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Қазпоштаның" екі қызметкері 40 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің екі қызметкері ЖШС өкілі кәсіпорынның шотына аудару үшін тапсырған ақшаның бір бөлігін иемденіп алған. Келтірілген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асты.
Сонымен қатар әйелдер сенімге қиянат жасап, зейнеткерлердің жеті миллион теңгеден астам ақшасын иемденді деген күдікке ілінді, деп жазды
"Мой город".Әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.