НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелімен татуласу үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция ақпаратынша, 25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түсті. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтқан. Әйел ұрыны есте сақтап қалған. Шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.
Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жары үшін осындай қадамға барғанын мойындады.
"Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полициядағылар хабарлағандай, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарған. Ол күйеу баласының бұл қылығына қатты ашуланыпты.
Оқи отырыңыз: