НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тұңғыш президент күніне орай Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, тұңғыш президент күні және Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілді.
Алматыда 8 электр пойызы іске қосылды.
© Photo : акимат Алматы
Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылғы 1 желтоқсанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитенді ашып, алғашқы жолаушы болды. Содан бері метро жұмысы бір минутқа да тоқтаған жоқ.
Құрамның ұзындығы – 77,8 м, ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90км/сағ. Температура режимі: Цельсий бойынша -35, +40 градус.
4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған.
4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды.
© Photo : акимат Алматы
Вагондар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Машинистің кабинадан вагондардың ішіндегі және сыртындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі мониторының көмегімен бақылау мүмкіндігі бар.
Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екіншісіне қауіпсіз және ыңғайлы өтуді қамтамасыз ететін ашық типтегі (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өту жолдары арқылы біріктірілген.
Электр пойыздары жолаушылар үшін де, қызмет көрсетуші персонал үшін де жоғары қауіпсіздік пен жайлы жағдайды, сондай-ақ энергия тұтынудың төмендетілген деңгейін қамтамасыз етеді.
Оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы шығарған вагондар Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген. Бүгінгі таңда метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.
10 жыл бойы метрополитен тұрақты жұмыс істейді, өзіне жүктелген міндеттерді орындайды.