Өңірлер

Алматы метрополитені жаңа электр пойыздарын іске қосты

© Photo : акимат АлматыНовые поезда запустили в алматинском метро
Новые поезда запустили в алматинском метро - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Вагондар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. 4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тұңғыш президент күніне орай Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, тұңғыш президент күні және Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілді.
© Photo : акимат АлматыАлматыда 8 электр пойызы іске қосылды.
Новые поезда запустили в алматинском метро - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Алматыда 8 электр пойызы іске қосылды.
Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылғы 1 желтоқсанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитенді ашып, алғашқы жолаушы болды. Содан бері метро жұмысы бір минутқа да тоқтаған жоқ.
Құрамның ұзындығы – 77,8 м, ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90км/сағ. Температура режимі: Цельсий бойынша -35, +40 градус.
4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған.
© Photo : акимат Алматы4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды.
Новые поезда запустили в алматинском метро - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды.
Вагондар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Машинистің кабинадан вагондардың ішіндегі және сыртындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі мониторының көмегімен бақылау мүмкіндігі бар.
Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екіншісіне қауіпсіз және ыңғайлы өтуді қамтамасыз ететін ашық типтегі (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өту жолдары арқылы біріктірілген.
Электр пойыздары жолаушылар үшін де, қызмет көрсетуші персонал үшін де жоғары қауіпсіздік пен жайлы жағдайды, сондай-ақ энергия тұтынудың төмендетілген деңгейін қамтамасыз етеді.
Оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы шығарған вагондар Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген. Бүгінгі таңда метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.
10 жыл бойы метрополитен тұрақты жұмыс істейді, өзіне жүктелген міндеттерді орындайды.

Оқи отырыңыз: 

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жұрттың наразылығын туғызды – видео
Елордада оң және сол жағалауды жалғайтын көпірдің құрылысы басталды
 
Жаңалықтар
0